Түркістан облысының білім басқармасы Леңгір қаласында орналасқан №2 арнайы мектеп-интернатында білім алатын балаларды Мектеп-интернаттан шығару жөнінде тараған ақпаратты 100% жалған ақпарат екендігін хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңның 47-бабына сәйкес ата-аналардың білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
Арнайы білім беру ұйымдарында білім алу психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесінің (бұдан әрі-ПМПК) қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Арнайы білім беру мекемелеріне ерекше білім беруді қажет ететін балалар қамтылады. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларда арнайы педагогтардың түзету жұмысының негізінде балаларда оң өзгеріс болған жағдайда арнайы білім беру мекемелерінен шығарылып жалпы білім беру мекемесінде білім алуға кеңес беріледі.
ПМПК қызметі кеңес беру сипатында болады. Бұл комиссия оқу орнын жабу немесе балаларды оқудан шығару туралы шешім қабылдамайды. Комиссияның мақсаты – баланың дамуына және оның қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал ететін кәсіби ұсынымдар беру. Жылдық жоспарға сәйкес жыл сайын өткізетін диагностикалық балалардың түзелу динамикасына тексеру жүргізіледі. Оқу нысанын таңдау жөніндегі түпкілікті шешім әрқашан ата-аналарға тиесілі.
2025 жылғы 5 мамырда Білім басқармасының өкілдері мектеп ұжымымен және ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында барлық мәселелер бойынша толық ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Барлық балалар өздерінің жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, білім алуды жалғастырады.
Түркістан облысының білім басқармасы мектеп-интернатты жабу немесе ғимаратты колледжге беру туралы мәселені қарастырған жоқ.
Заң аясында жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылатындығын ескертеміз.