Алматыда жаңа саябақ пайда болады

Алматыда жаңа саябақ пайда болады
Алматы әкімдігі

Алматыда жаңа саябақ пайда болады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматыда Қазақстан кинематографиясының тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістіктің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. "Қазақфильм" кинематография паркін серуендеуге, демалуға және отандық кино өнерімен танысуға арналған заманауи орын ретінде құру жоспарланып отыр.

Жоба аясында серуендеуге арналған аллеялар, интерактивті және мультимедиялық инсталляциялар, ашық аспан астында фильмдер көрсетуге арналған амфитеатр, балалар алаңы мен демалыс аймақтарын салу қарастырылған.

Кинематография паркі мәдениет пен қала өмірін тоғыстыратын кеңістік ретінде қарастырылған. Мұнда отандық фильмдердің көрсетілімдерін, тақырыптық кездесулер мен түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған.