Леңгірде түн ішінде үйге басып кіріп, әйелді азаптағандар ұсталды

Леңгірде түн ішінде үйге басып кіріп, әйелді азаптағандар ұсталды
видео кадры

Түркістан облысында тұрғынға шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Леңгірде түнгі уақытта екі белгісіз адам жергілікті тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, оған дене жарақатын салып, телефонын алып кеткен.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба бұған дейін әлеуметтік желіде тараған болатын.

"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер және олардың орналасқан жері анықталды. Күдікті ретінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деді ІІМ өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Леңгірдегі жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын жазған едік.