Түркістан облысының Леңгір қаласында бірнеше адамның бетперде тағып, жеке тұрғын үйге заңсыз кіргені туралы ақпарат тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер үйдегі әйелді таң атқанға дейін ұрып-соғып, азаптаған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты қашан болғаны, оған қанша адамның қатысқаны және күдіктілердің ұсталған-ұсталмағаны белгісіз.
Оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Түркістан облысының полиция департаменті әлі ресми түсініктеме бермеді.