Денсаулық сақтау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте журналистер "алматылықтарды неге Halyk Arena-ға орналастырады және бұл қаладағы ауруханаларда орын жетіспейтіндігін білдіре ме" деген сұрақ қойды.
Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева қазіргі кезде жұқпалы аурулар ауруханаларында (5 000 төсек) 2 783 адам жатқанын, оның 109-ы балалар екенін жеткізді. Жансақтау бөлімінде 125 адам жатыр (295 төсек бар). 7 қонақ үйде орналасқан карантиндік төсек-орындар бос тұр.
Ал Halyk Arena-дағы ауруханаға 18 адам түсті.
Бізде Halyk Arena резервтік аурухана ретінде есептеледі, оны жақында жинастырып тастағанбыз. Halyk Arena 1000 төсекке арналған, яғни онда 1000 науқас сыяды. Кешеден бері Halyk Arena-ға науқастар қабылданып жатыр, бүгін таңертеңгі дерек бойынша, онда 18 науқас бар. Пациенттердің бір бөлігі жағдайлары тұрақталғаннан кейін фтизиопульмонологиялық орталықтан емделуге ауыстырылды, кейбір науқастар жедел жәрдеммен келіп түсті. Мен жедел жәрдеммен келгендерге тоқталғым келеді. Бұл - шамамен 30-35% -ды құрайтын, тыныс алуының тартылуы сипатындағы ауырлық дәрежесі орташа науқастар. Болашақта, ауру дәрежесі жеңіл, бірақ қосалқы аурулары бар және жасы үлкен науқастар болатын болса, біз оларды да сондағы ауруханаға жатқызатын боламыз.
Сұлтанғазиеваның айтуынша, клиникалар екі эшелонға бөлінген. Бірінші эшелонға жұқпалы аурулар клиникалары, соның ішінде модульдік ауруханалар кіреді. Бұл клиникалар - техникалық жағынан жақсы жабдықталған және құрамы мықты. Бірақ бүгінде олар 80% -дан астам жүктемемен жұмыс істеп жатыр.
Екінші эшелонға орташа ауырлықтағы науқастар жататын ауруханалар енеді. Halyk Arena екінші эшелонға жатады.
Бүгінгі күні жаңаша түрге енген коронавирус инфекциясы бұрынғыға қарағанда қолайсыз, бұл өте ауыр және ауырлық дәрежесі орташа науқастардың санын көбейтіп жатыр. Сондықтан біз Halyk Arena-дағы аурухананы іске қосуға мәжбүр болдық. Егер жүктеме 70% -дан көп болса, біз жаңа кереуеттер әкеліп қосуға тырысамыз, - деді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Бүгін, 31 наурызда, Halyk Arena спорт кешеніне коронавирусқа шалдыққан, аурунының деңгейі орташа науқастар жеткізіліп жатқаны белгілі болды. Бұл спорт кешеніндегі аурухана былтыр тамызда жинақталып алынған болатын.