Курс арқылы 1,5 млрд теңге табыс тапқан блогер Дархан Жолшыбеков өз еркімен салық төледі

Көркем Алдабергенова 13 мау. 2025 12:14

Блогер Дархан Жолшыбеков өз еркімен салық төлегенін көрсетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жыл басында салық төлемеген блогерлер жайлы мәселе көтерілген еді. Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желіде табыс тауып жүрген ондаған танымал адамның бюджетке төлем жасамай жүргенін анықтады.

Солардың бірі – Instagram-да танымал Дархан Жолшыбеков. Ол 1,5 миллиард теңгеге онлайн курс сатқанымен, бұл табысты декларацияламаған. Осыған байланысты оған қатысты сұрақтар туындады.

Нәтижесінде блогер ойланып, мемлекетпен заңды түрде табысын бөлісуге шешім қабылдаған, тіпті контент түсіріп үлгерген. 

"Мақтанып, міндетсініп жатыр деп ойламаңыздар. Осындай сәттерді де көрсетіп қояйыншы дедім. Блогерлердің тізімі шығып кетті ғой. Салықты бәріміз төлеуіміз керек, ол біздің міндетіміз және азаматтық борышымыз. Оны аз айлық алып отырған адамдардың өзі де төлейді. Біз кәсіпкер бола отырып, қызғануымыз керек? Ол елдің дамуына біздің берген үлесіміз", - дейді блогер. 

Айта кетейік, елімізде ресми түрде 745 блогер тіркелген. Олар биыл 9 айда мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам салық төледі. 

Бұған дейін қазақстандық блогерлердің тізімі қыркүйек айынан бастап ақпарат министрлігі кірістер комитетіне берілетінін хабарлаған еді. Бұл арқылы әлеуметтік желіде жалған ақапарат таратқан инста-жұлдыздарына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны айтылды. Сонымен қатар кәсіпкер ретінде тіркелгендер де салық төлейтіні ескертілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар