Ал екінші бір діндар «Қанша күнәһар болсаң да, шөлде қаталаған итке су берсең жаратқан күнәңді жуып жіберед» дейді.
Бүгін бір имам азанды құрметтеудің сауабын айтты.
Оның айтуынша, «Бір әйел кіші дәретке отыра бергенде азан басталып, әлгі әйел келіп қалған дәретті азан айтылып біткенше, шығармай шыдапты. Соған пәленбай сауап жазылыпты» деп соқты.
Қарап отырсаңыз, әркім өзіне ыңғайлап алған.
Алдыңғысы, психикасы әлсіздеу адамды торықтырып дүниеден баз кештірсе, соңғысы біздің жемқорлар үшін керемет...
Қолында билігі барда жетім-жесірдің аузындағысын жырып жеп, «бізге де бір шөл қысқан ит кездесер» деп, сауап жинауды зейнет жасына қарай ысырып тастайтыны жасырын емес.
Өзге елдің мұсылмандары өздері білер.
Ал Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы көкейге қонымды хадистерді бір жүйеге келтіріп, баспадан шығарып, қалғандарына қатаң тиым салу керек-ау...
Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ
(жазба автордың Фейсбуктағы парақшасынан алынды)
https://dalanews.kz/25791