Freedom Inside '26

Күн белсенділігі күрт артты: ғалымдар қуатты жарылыс болуы мүмкін екенін ескертті

Күн белсенділігі күрт артты: ғалымдар қуатты жарылыс болуы мүмкін екенін ескертті
Фото: зертханадан

Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы Күндегі белсенділіктің күрт күшейгенін тіркеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ғалымдардың мәліметінше, ғарыштан алынған соңғы суреттерде Күн бетіндегі бұрын бір-бірінен бөлек орналасқан екі дақ тобы тәж (корона) деңгейінде өзара байланысып, біртұтас күрделі магниттік құрылымға айналғаны байқалған. Қазір олар магнит өрісінің сызықтары арқылы энергияны белсенді түрде алмасып жатыр.

Зертхана мамандарының айтуынша, бұл жағдайдың екі қыры бар. Бір жағынан, дақтар бір-біріне артық энергияны беру арқылы кернеуді аздап төмендетуі мүмкін. Ал екінші жағынан, осындай біріккен магниттік құрылым өте үлкен энергия қорын жинақтап, аса қуатты жарылысқа себеп болуы ықтимал.

Мамандар әзірге мұндай жарылыстың нақты қашан болуы мүмкін екенін айтқан жоқ. Алайда Күндегі белсенділіктің күшеюі ғарыштық ауа райына әсер етіп, Жердегі байланыс жүйелері, спутниктер және навигациялық жүйелердің жұмысына ықпал етуі мүмкін екенін ескертіп отыр.