Петербургтік криптовалюталық платформа негізін қалаушы Роман Новак пен оның әйелін БАӘ-де ұрлап, өлтірген. Қылмыстың болжамды себебі – ақша бопсалау. Бұған дейін Новакты инвесторларды 500 млн доллар көлемінде алдады деп айыптаған, деп хабарлайды Dalanews.kz DW абсылымына сілтеме жасап.
Санкт-Петербургтен шыққан криптоинвестор Роман Новак пен оның әйелі Анна БАӘ-де өлтірілген. Бұл туралы жұма, 7 қараша күні петербургтік «Фонтанка» және 78.ru басылымдары дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Басылымдардың дерегінше, ерлі-зайыпты бір ай шамасында туыстарымен байланысқа шықпаған. «Фонтанка» мәліметінше, Роман мен Аннаны Хатта қаласының шетінде жалға алынған виллада өлтірген. Олар сол жерге инвесторлармен кездесеміз деп ойлап келген. Қылмыстың болжамды себебі – ақша бопсалау.
Қылмыскерлер Новактің криптәмиянын алмақ болған, онда олардың ойынша миллиардтаған доллар бар еді. Алайда әмиян бос болып шыққан. Осыдан кейін Роман мен Аннаны өлтіріп, денелерін бөлшектеп, пакеттерге салып тастаған. Пакеттерді Хаттадағы сауда орталығының маңындағы әртүрлі контейнерлерге тастап кеткен.
РФ Тергеу комитеті іс қозғады
РФ Тергеу комитетінің Санкт-Петербургтегі Бас тергеу басқармасы БАӘ-де «хабар-ошарсыз жоғалған» ерлі-зайыптының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ведомство есімдерін атамады. Іс туыстарының арызы негізінде қозғалған.
Іс бойынша сегіз адам ұсталды
«Фонтанка» дерегінше, іс аясында сегіз адам ұсталған. Олардың кемінде үшеуі Санкт-Петербургтен. Тергеу үш ер адамды - 44, 46 және 53 жастағы - қылмыстың тікелей ұйымдастырушылары және орындаушылары деп есептейді. Тағы төртеуі көлік пен вилла жалдаған, пышақ сатып алған және Роман мен Аннамен байланыста болған. Сегізінші адамның рөлі нақты көрсетілмеген.
47.ru дерегінше, қылмысты 53 жастағы Константин, 46 жастағы Юрий және 45 жастағы Владимир ұйымдастырған. Фамилиялары айтылмайды. Екі үлкені - Ленинградтан, үшіншісі - Қазақстанның Теміртау қаласынан. Олар қылмыстан кейін Санкт-Петербургке қайтып келгенде ұсталған.
7 қарашада Санкт-Петербургтің Октябрь аудандық соты үш күдіктіні - Константин Шахтаны, Юрий Шарыповты және Владимир Далёкинді тұтқындау туралы шешім шығарды. Олар 28 желтоқсанға дейін қамауда болады. Шахта мен Далёкин кінәсін мойындамады, Шарыпов кінәсін жартылай мойындаған. Процесс жабық режимде өтті.
Роман Новак ltuty кім?
Роман Новак жылдам криптовалюта аударымдарына арналған Fintopio қосымшасының негізін қалаушы ретінде танымал. Жобаға ол шамамен 500 млн доллар инвестиция тартқан, кейін ақшамен бірге жоғалып кеткен, деп жазады 78.ru. Fintopio қызметкерлері жалақысыз қалған, ал инвесторлар - Қытай мен Таяу Шығыс бизнесмендері - өз қаражатынан айырылған.
Инвесторларды сендіру үшін Роман Новак өзін араб шейхтарымен және Telegram негізін қалаушы Павел Дуровпен таныспын деп айтқан. Дуров бұл таныстықты жоққа шығарған.
2020 жылдың қарашасында Роман Новак «Спорт в народ» жобасының ортақ иесінен 100 мың доллар жымқыру жоспарын жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған, деп жазады РБК.
