Күдікті Берденовке 5 рет оқ атқан - прокурор

Көркем Алдабергенова 28 шіл. 2025 11:53

Айыпталушы Ернар Жиенбай Руслан Берденовке аңшы мылтығынан 5 рет оқ атқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін прокурор айыптау қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, Ернар Жиенбай аңшы мылтығымен бес оқ атып, бақылау жасауға тырысқан. Бірақ оның оқтары таусылған.

Айыпталушы тергеу барысында қысымға ұшырағанын мәлімдеді. Ол бұл жөнінде сотқа тиісті дәлелдер ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Судья Руслан Берденовтің келесі отырысқа жеке қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Келесі сот отырысы 6 тамызда сағат 10:00-де өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау дерегі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған едік. 

Әкімдік маңындағы атыс туралы

21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар