Кеше Күдебаевтың ұлы әкесі шет елден өз еркімен оралғанын айтып, ақпарат құралдарына сұхбат беріпті.
– Әкем Асанбек деген кіші ініме звондап, «балам мен сендерді жақсы көремін, еліме қайтып келе жатырмын, мені осы жерде алып кетеді» деп айтты. Ал бұқаралық ақпарат құралдары ұстады деп жазып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды, – депті Күдебаевтың Арман Мырзақұлов.
3 сәуір күні Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа іздеу жарияланған болатын. Оған экс-полицейдің елден қашуы себеп болған-ды.
23 наурызда Күдебаев қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен.
Ал 27 сәуірде бас прокурор Берік Асылов генерал-майордың ұсталғанын мәлімдеді.
Күні кеше ғана Талдықорған қалалық сотының үкімімен Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасы кезінде ауыр зардаптарға (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) және азаптауларға (146-бабы 2-бөлігі) әкеп соққан билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, полиция генерал майоры арнайы атағынан айырыла отырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
https://www.youtube.com/watch?v=xW_VHlo-piw&t=13s