Freedom Inside '26

Криштиану Роналду көз жасына ерік берді: Португалия құрамасы ӘЧ-2026-мен қоштасты

Криштиану Роналду көз жасына ерік берді: Португалия құрамасы ӘЧ-2026-мен қоштасты
Фото: JEROME MIRON / Reuters

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия құрамасы Испаниядан жеңіліп, турнирдегі жолын аяқтады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ойын қарсаңында Криштиану Роналду бұл әлем чемпионаты өзінің мансабындағы соңғы мундиаль болатынын мәлімдеген еді. Кездесу аяқталғаннан кейін тәжірибелі шабуылшы эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік беріп, алаңнан кетті.

Роналду әлем чемпионаттарына алты рет қатысып, жалпы 27 матч өткізді. Осы кездесулерде 11 гол соқты.

Футболшының әлем чемпионаттарындағы ең жоғары жетістігі – 2006 жылғы алғашқы мундиалі. Сол кезде небәрі 21 жаста болған Роналду Португалия құрамасымен бірге жартылай финалға дейін жетіп, ширек финалда Англияға қарсы өткен пенальти сериясында шешуші соққыны дәл орындаған болатын.