COVID-19 байланысты шектеулерге байланысты ресми ашылу AYDI (Atyrau Youth Development Initiative – Атырау қаласының жастарын дамыту бастамасы) YouTube арнасында онлайн форматында өтті. Жобаның бастамашысы және басты серіктесі "Шеврон" компаниясы болды.
Спикерлер ретінде The Village Қазақстан және Masa Media жобаларының негізін қалаушы Айсана Әшім, кәсіпкер және бизнес жаттықтырушы Ғани Абадан, PR-маманы, подкастер және блогер Марина Шарипова және "I-SEED" атты әлеуметтік кәсіпкерлік жобасының менторы Күнжамиля Сахайн қатысты. Олар креативті экономиканың жай-күйі мен даму перспективалары туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Қазақстанда креативті экономика әлі де болса даму сатысында, алайда үлкен әлеуетке ие. Отандық жас музыканттар, IT-мамандары, креативті экономика өкілдері сұранысқа ие және халықаралық деңгейде танымал. ЮНЕСКО-ның есебіне сәйкес, бұл сала жыл сайын әлемдік ЖІӨ-ге 3% (2 250 миллиард доллар) үлес қосады және 29,5 миллион жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Креативті экономика адами ресурстар мен таланттарға, инновацияларға және стандарттан тыс тәсілдерге негізделген. Мұнда бизнес адамның қарым-қатынастарына және шығармашылыққа негізделген идея. Ал стандартты экономика болса, өндіріс пен өнеркәсіпке тәуелді.
Коронавирустық пандемия жағдайы көрсеткендей, проблемаларын шешу барысында шаблоннан тыс ойлауды қолданатындар және өзгермелі жағдайларға тез бейімделетіндер төзімділік көрсетті. "Өзгерістерді адам факторы басым бизнес форматына енгізу оңайырақ болды. Креативті экономиканың автоматтандырылған өнеркәсіп немесе күрделі өндіріске қарағанда артықшылығы айқын. Адамдар жақсы бейімделеді және креативті экономика өкілдері тез күшін жинап, онлайн режимінде жұмыс атқара алды", - деді Ғани Абадан.
Әлемдік тәжірибе туралы айтатын болсақ, startups.co.uk порталға сәйкес 2019 жылмен салыстырғанда онлайн бизнес саны 60% - ға өсті. Сонымен қатар, Ұлыбританияда креативті саланың елдің ЖІӨ-ге қосқан үлесі әлем бойынша ең жоғары болып, 7% - ды құрады. Қазақстанда біз электрондық коммерция секторындағы өсімді, азық-түлік пен тағам жеткізуге сұраныстың артуын және жаңа кәсіптердің іске қосылуын көрдік.
"Дағдарыс кезінде жаңа жобаларды іске қосу көптеген адамдар үшін қарсы-интуитивті болып көрінуі мүмкін", - деді Айсана Әшім. "Дегенмен, пандемия кезінде біз жаңа медиа жобаны іске қостық."Медиа стартап инвесторлар үшін тартымды болуы үшін өзінің бірегей мақсатты аудиториясын нақты анықтап, белгілі бір тауашаны таңдап, "tone of voice" - өзіндік айрықша дауыс-үнін қалыптастыру қажет. Қазақстандық медиа нарықта өңірлік жобаларды, сондай-ақ микро- немесе шағын және орта бизнеске арналған мамандандырылған БАҚ-жобасын бастауға орын жеткілікті.
"Бизнесті нақты мақсатпен және құмарлықпен бастау керек. Бұл жағдайда болашақ кәсіпкердің жасы жобаның сәттілігіне әсер етпейді. Жақында 16 жастағы қазақстандық оқушылар беделді мектептер мен университеттердің тегін сабақтарын жинаған сайтты іске қосты", - деп Күнжамиля Сахайн пікір бөлісті.
Jaspace кеңістігі "Шеврон" компаниясының “Атырау жастарын дамыту бастамасы (AYDI)” жобасының бір бөлігі болып табылады. Бұл бастама жастарды экономикаға бейім және әлеуметтік тұрғыдан белсенді етуге, әрі Атырау қаласын ашық, инклюзивті және тең құқықты қала ретінде дамытуға бағытталған. AYDI жобасын Атырау облысы әкімдігімен серіктестікте British Council, Impact Hub Almaty және Urban Forum Kazakhstan құрған коалиция әзірлеп, басқарады.