«Костенко» шахтасындағы 46 кеншінің қазасы: үкім өзгеріссіз қалды

Көркем Алдабергенова 17 жел. 2025 13:38

Қарағанды облысындағы соңғы жылдардағы ең резонансты қылмыстық істердің бірі бойынша апелляциялық сот түпкілікті шешім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бірінші сатыдағы соттың үкімі заңды деп танылып, өзгеріссіз қалдырылды.

Іс аясында шахтаның басшылығы мен қауіпсіздікке жауапты мамандарды қоса алғанда, 10 лауазымды тұлға сотталды. Сот өндірістік және еңбек қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы 46 кеншінің өмірін қиған қайғылы оқиғаға тікелей себеп болғанын анықтады. Тағы 26 адам ауыр және орташа ауыр дене жарақатын алған.

Сотталғандарға 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тау-кен саласында басшылық қызмет атқаруға 3 жылға тыйым салынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар