Коронавирусқа арзан тест жасайтын медорталықты сотқа сүйреуде

Dalanews 06 шіл. 2020 06:52 853



Тауар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитеті халыққа қолжетімді бағада тест жасайтын "Сұңқар" медорталығын сотқа бермек деп хабарлайды Dalanews.kz vlast.kz-ке сілтеме жасап.

Комитет өкілдері "орталықтың бұған арналған тиісті рұқсаты жоқ" дейді. Ал "Сұңқар" басшылығының пікірінше бұл даудың артында мүдде қақтығысы тұр.

Алматы қаласы Әуезов ауданының Тауар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау басқармасы медорталыққа хат жолдап, ол хатта: "Сұңқардың" коронавирусты анықтайтын тестілеуі жарамсыз екенін, себебі бұған ағзадағы патогендердің 2 тобымен жұмыс істейтін арнайы комиссияның рұқсат бермегенін" жазған. Осыған байланысты істі сотқа жеткізбей COVID-19-ға тест қабылдауды тоқтатуды бұйырған.




Ал медорталық болса коронавирус инфекциясына тест қабылдауды жалғастыруда.

"Тестілеуді тоқтатқан жоқпыз. Неге? Себебі, біз бұл талапты негізсіз деп санаймыз. Тауар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитеті "Сұңқардың" тестілеуге арналған тиісті рұқсаты жоқ" дейді. Бұл рұқсатты олар өздері береді ғой. Осы аптада Тауар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы құны 11 500 теңге тұратын ақылау тестілеуді бастап кетті.

Біздің баға бұдан төмен. 8500 теңге. Түптеп келгенде комитет бізді аяқтан шалып, жұмысымызға әкімшілік тұрғыдан кедергі келтіруде. Мұның артында мүдде қақтығысы тұр.

Рұқсат беру үшін комитет өкілдері өзінен әлдеқайда арзан бағада тест жасайтын бәсекелесінің зертханасын әділ бағалауға тиіс болады.


Екінші мәселе, дәл қазір тестілеуді тоқтату еш мүмкін емес. Себебі тест кезегінде тұрған адам көп. Көпшілігіне жұмысқа шығу керек, ал жұмыс орны КВИ сынамасын талап ететіні белгілі. Кейбіреулер вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда оны зертханалық негізде анықтау қажет.

Сосын тестілеуді бір ғана орталық өткізгені дұрыс емес, бір орталықтың сынамасы әркезде анық бола бермейді. Егер бізді сотқа тартса, өз құқығымызды қорғауға күш саламыз", – дейді "Сұңқар" медорталығының маманы Айзада Керімқұлова.

Алматы қаласыда тест тапсыратын орын тапшы. Денсаулық сақтау министрлі тестілеуге арналған орындарды анықтау мәселесін түбегейлі шеше алған жоқ дейді орталық өкілдері.

Медорталық әзір күніне 120-150 тест жасауда.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар