Коронавирус жұқтырған үшінші науқаспен бірге ұшақта 90 жолаушы болған

Dalanews 13 нау. 2020 13:08 889

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баспасөз мәслихатында Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың үшінші жағдайы тіркелгені туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"12 наурызда жолаушы Миланнан Нұр-Сұлтанға ұшып келді. Оның рейсі транзитпен өтті: Милан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан.

Оның қанынан коронавирус белгілері табылды. Оны бірден карантинге орналастырдық. Бортта болған жолаушылардың тізімі бізде бар.


Онда 90 жолаушы болған. Оның ішінде 37 Қазақстан азаматы, 42 Ресей азаматы және 11 азамат өзге елдерден келген. Онымен байланыста болған адамдар анықталуы тиіс", - деді ол.

Бұдан бөлек Біртанов журналистерден вирусқа қатысты түсіндіру жұмыстарына атсалысуды сұрады.  


"Сіздерге айтарым бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін пайдаланып, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Басқа мемлекеттерде 2-3 айдың ішінде мәселе шешіледі, инфекция тоқтайды. Сондықтан жағдайды түсіну қажет. Гигиенаны сақтаған жөн", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін Германиядан келген екі Қазақстан азаматынан (1974 жылғы ер адам және 1984 жылғы әйел адам) коронавирус табылғаны хабарланды.

Министрдің айтуынша, олар 9 және 12 наурызда екі түрлі ұшақпен ұшып келген. Бір ұшақта болған 12 адамның барлығы карантинге жіберілген.

Ал 9 наурыз күнгі рейсте болған 73 жолаушыны тауып, карантинге жатқызу мәселесі қарастырылып жатқанын министр алға тартты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар