Конституциялық өзгерістер: Президент туралы заң қабылданды

Самал Асқар 29 сәу. 2026 11:24

Депутаттар Президент туралы, Құрылтай туралы және оның депутаттарының мәртебесіне қатысты заң жобаларын қолдады, деп хабарлайды Dala News.

Бұл құжаттар республикалық референдумда қабылданған Конституция нормаларын нақтылауға бағытталған.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, Президент туралы заң жобасы Мемлекет басшысының мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.

«Конституциялық заң жобасы Президент пен вице-президенттің құқықтық мәртебесін айқындайды. Заң жобасы сегіз бөлім мен 43 баптан тұрады», – деді ол.

Аталған заң жобасы Мәжіліске Президенттің арнайы Жолдауы арқылы заңнамалық бастама ретінде енгізілген.

Заң жобаларын одан әрі қарау үшін Мәжіліс пен Сенат депутаттарынан бірлескен комиссия құрылды. Комиссия құрамына бірқатар депутат енгізіліп, олар құжаттарды пысықтаумен айналысады.

Сонымен қатар Мәжіліс Құрылтай туралы конституциялық заң жобасын да қабылдады. Бұл құжат Құрылтайдың қызметін ұйымдастыру және оның депутаттарының құқықтық мәртебесін белгілеуге бағытталған.

«Заң жобасы Құрылтайдың қызметін ұйымдастыруды құқықтық тұрғыдан реттеуге, сондай-ақ оның депутаттарының құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған. Заң жобасы 12 бөлім мен 60 баптан тұрады», – деді Имашева.

Осылайша, қабылданған заң жобалары елдегі конституциялық реформаларды іске асыруға және мемлекеттік институттардың құқықтық негізін нақтылауға бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove