Көктемгі егіске 200 млрд теңге бөлінді

Самал Асқар 23 ақп. 2026 16:46

Биылғы көктемгі дала жұмыстарына арналған ерте қаржыландыру бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 200 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды Dala News.

Бағдарлама бойынша өтінім қабылдау 2025 жылдың қазан айында басталған. Бүгінде 2429 шаруадан 312,4 млрд теңге көлемінде өтінім іріктелді. Қазіргі уақытқа дейін 1879 өтінім қаржыландырылып, 2,4 млн гектар егіс алқабы қамтылды. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 5 пайызды құрайды.

Сонымен қатар «Даму» қоры арқылы кепілдік беру тетігі іске асырылып жатыр. Бұл механизм несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік алуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде 86 млрд теңгеге 526 кепілдік берілген.

«Кең дала 2» бағдарламасы Мемлекет басшысының көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес іске қосылған. Ерте қаржыландыру шаруаларға 2026 жылғы егіс науқанына алдын ала дайындалуға жағдай жасайды.

Бөлінген қаражат жанар-жағармай сатып алуға, минералды тыңайтқыштар алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге және тұқым қорын қалыптастыруға бағытталады. Жеңілдікті несие көктемгі жұмыстармен қатар орақ науқаны мен маусымдық шығындарды өтеуге де беріледі. Қаржыландыру Аграрлық несие корпорациясының өңірлік бөлімшелері және серіктес қаржы ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove