ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Көкшетау қаласындағы құрылыс жобаларын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
2021 жылы желтоқсанда Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі ММ мен "Айдана-ИК" ЖШС арасында әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлер салу жөнінде 1 млрд теңгеден аса сомаға келісімшарт жасалған.
"Мердігер авансты алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жалған шарттар ұсынған. Кейін тапсырыс беруші тарапынан ЖШС-ға 211 млн теңге көлемінде қаражат аударылған. Алайда құрылыс жұмыстары толық көлемде орындалмаған. Нәтижесінде нысандар пайдалануға берілмеген. Бюджет қаражаты жеке қажеттілікке, контрагенттермен есеп айырысуға жұмсалған, сондай-ақ, қолма-қол ақшаға айналдырылған", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті қамауға алынды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.