Кітапхана саласының майталманы Бақытжамал Оспановамен кездесу өтті

Жарбол Кентұлы 26 там. 2024 03:58 336

Бүгін Түркістанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бакытжамал Оспановамен «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» тақырыбында кездесу өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық кітапханалық одақтың төрайымымен кездесуге облыс кітапханашылары белсене қатысты.

Бенефис кеші форматындағы жиын тақырыпқа сай көрме инсталляциясын таныстырумен басталды. Кешті басқарма басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып берді.

Кеш кейіпкерінің кітапхана жолында атқарып жатқан еңбегіне тоқталды. Содан соң облыс әкімінің арнайы құттықтау хатын табыстап, сәттілік тіледі.

Кездесу барысында зиялы қауым өкілдерінің және мемлекет қайраткерлерінің кейіпкер жайлы естеліктері, құттықтау сөздері басылған бейне жолдауы көрсетілді. Жиналған кітапханашылардың көкейіндегі қызықты әрі салалық сұрақтарға жауап беріп, өзінің еңбек жолы туралы естеліктерін әңгемелеп берді.

Іс-шарада Бақытжамал Қайырбекқызы түркістандық үздік кітапханашыларға Қазақстандық кітапханалық одақтың «Кітапхана ісінің ардагері», «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» және «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгілерін табыстап, өз атынан арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Кеш соңында «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова қорытынды сөз алып, бүгінгі кештің маңызына тоқталды. Сондай-ақ қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдірді.

Айта кетейік, аталған мазмұнды кешті облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар