Kia Basketball Fest 19 шілдеде Теміртауда өтеді

Kia Basketball Fest 19 шілдеде Теміртауда өтеді
KIA

19 шілдеде Теміртаудағы Qarmet Park («Еңбек даңқы» саябағы) аумағында Kia Basketball Fest фестивалі өтеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Іс-шара Металлург күніне орай ұйымдастырылып отыр. Фестиваль аясында Allur компаниясының құрамындағы Kia бренді Қазақстандағы ірі тау-кен металлургия компаниясы Qarmet-пен бірлесіп, қалаға FIBA 3×3 халықаралық стандартына сай жаңа баскетбол алаңын сыйға тартады.

Фестиваль сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жалғасады. Кіру барлық келушілер үшін тегін.

Бағдарлама аясында Men PRO, U18 ұлдар және U18 қыздар санаттары бойынша 3×3 турнирі өтеді. Жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгеден асады, бұл Қазақстандағы көше баскетболы тарихындағы ең ірі жүлде қоры саналады. Матчтарды ұлттық және халықаралық санаттағы төрешілер FIBA 3×3 ережелері бойынша жүргізеді.

Фестивальдің музыкалық бөлімінде RaiM мен SHIZA өнер көрсетеді.

Сондай-ақ Media Basket көрме матчы ұйымдастырылып, оған RaiM, SHIZA, LEGORUS, SHYNGYS, SIXO, KUSH, SOLAKAI, AITKALI, RUSLAN, KALI, MIRONOV, BAHA, ROBERT PAN, ALGA PETERBURG және NURMANBETOV MADIYAR қатысады.

Балалар мен отбасылар үшін аквагрим, аниматорлар, түрлі байқаулар және күні бойы жұмыс істейтін тамақтану аймағы қарастырылған.

Турнирге қатысу тегін. Командаларды тіркеу арнайы сайтта жүргізіледі. Алайда өтінім беру автоматты түрде қатысуға кепілдік бермейді, соңғы шешімді ұйымдастырушылар қабылдайды.

Фестивальдің серіктестері қатарында Kia, Qarmet, Теміртау қаласының әкімдігі, Gmask және Howe бар.