Кезінде жұртты таңдай қақтырған бала Жамбыл туралы тың дерек тарады

Қаракөз Амантай 29 мам. 2025 16:10

Кейінгі уақытта әлеуметтік желіде кезінде дарынымен көпшілікті таңдай қақтырған, ақын Мұхтар Шахановтың батасын алған “Бала Жамбылдың” есімі қайта жаңғыра бастады. TikTok қолданушылары, соның ішінде Шарапат асаба есімді автор оның бұрынғы бейнежазбаларын бөлісіп, ел ішінде қызу талқы тудырды. Көп ұзамай, жұрт іздеген бала жайлы тың ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жамбыл Дүйсенұлы бүгінде ер жетіп, білімін АҚШ-та жалғастырып жүр. Желіде тараған бір видеосында Жамбыл Дүйсенұлы Нью-Йорктің дәл ортасында, Таймс-сквер алаңында тұрған сәтін көрсетіп, туған-туыстарына сәлем жолдайды.

“Қазір біз Нью-Йорктің қақ ортасындамыз. Таймс-скверде адамдар толып жүр. Бұл жер өте әдемі, әсерлі екен”, – дейді ол бейнежазбада.

Айта кетейік, Жамбыл Дүйсенұлы жас кезінен ерекше зеректігімен танылып, түрлі республикалық және халықаралық байқауларда топ жарған. Ашық деректерге сүйенсек, ол мектепті қатарластарынан үш жыл бұрын аяқтаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар