"Кезби" компаниясының басшысы қамауға алынды

Қаракөз Амантай 04 қар. 2024 10:40 1784

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы ("аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарады деп күдіктелуде", - делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Агенттіктің хабарлауынша 2021 жылы "Кезби" ЖШС "Өзенмұнайгаз" АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шарттар жасасқан.

Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылған. Алайда, қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайларды жұмсамай жымқырған, деп хабарлады ҚМА.

3 қарашада күдікті Ержан Кезбаев ұсталған. 

Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайтыны хабарланды. Мұнай сервистік қызмет көрсетуші компанияның жалғыз құрылтайшысы және бас директоры Бітім Кезбаев. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар