Исабекова тыңдармандар тарапынан жиі сыналатын әншілердің қатарында. Оған себеп сан алуан. Бірде ол су киімімен түскен суретін жариялағаны үшін сөгіс естісе, енді бірде имиджін өзгерткені үшін ұрыс естіді. Әнші өзіне мін тағатын жандардан шаршаса керек-ті, Исабекова оларға жауап берді.
“Менің жеке үлесім. Қаралағанды ұнататындар, тырнақ астынан кір іздейтіндер, рахмет айтпаңдар. Жазыңдар. Жалғастырыңдар. Ойдан құрастырыңдар”, – деп жазды ашуланған әнші желідегі парақшасында.
Одан бөлек Исабекова әлдебіреулердің оның намысына тигенін атап өтті.
Желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Кейбіреулер оны бейәдеп қылығы үшін сынаса, ендігілер түсіністікпен қарады.