Кентау: үй кезегінде тұрған азаматтар баспаналы болды

Dalanews 30 қар. 2018 06:50 744

Кентау қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында 60 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, үй кезегінде тұрған азаматтарға баспананың кілтін тапсырды.

«Елбасымыз халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ірнеше бағдарламаларды іске қосты. Атап айтсақ, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары қазақстандықтарға шарапатын тигізуде.

Оған бүгін сіздер де куә болып отырсыздар. Мұндай қуаныштар мұнымен шектелмейді. Үй кезегінде тұрған барлық азаматтар кезең-кезеңімен баспаналы болады», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған нысандардың жалпы жобалық - сметалық құны 898 млн. 686 мың теңгені құрайды. «Стройсервис XXI» ЖШС 5 қабатты ғимараттардың құрылыс жұмыстарын 2017 жылы бастаған. «Южказпроект» ЖИ ЖШС жобалау жұмыстарын атқарса, нысандардың техникалық қадағалауына «Royal Company» ЖШС жауапты.



Айта кетейік, жыл соңына дейін 2 қабатты 5 қызметтік үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, 2019 жылы Кентау қаласында қосымша 60 пәтерлі 5 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылады. Жалпы 300 пәтер болатын жобаның сметалық құны 2 175 млн. теңгені құрайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар