Келімбетов қай елде өмір сүреді?

Dalanews 02 шіл. 2015 23:31 833

Bloomberg бізге күлген шығар. Ағылшындар ақымақ емес қой. Дәл осы басылымға Қазақстанның Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов сұхбат берген.  «Қазақстанды Орта Азияның Сингапурына» теңеп...

Біздің билік халықтың атынан сөйлеуді қашан қояды? Қоймайды. Әйтпесе Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына қосу Астананың әдемілігімен ғана өлшенбесін білсе керек еді. Иә...

Біздің билік халықтың атынан сөйлеуді қашан қояды? Қоймайды. Былтыр ма, әйтеуір бір уақытта Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова былай дегені бар. «Қазақ жастары несиеге өмір сүріп үйренуі керек». Яғни, үй алса да, не алса да несиеге кіруі тиіс. Міне, осы Әйтімова бір кездері Жастар министрі болды деп кім айтады?

Келімбетов неге бұлай деді?

Ол, оның өзі әдемі әлемде өмір сүреді, өйткені. Тұтас Қазақстанды да өзінің ортасына, киген киіміне, ішкен тамағына қарап бағалайды, ендеше.

Елорданың еңселі ғимаратында отырған оған ел жұмақта шомылып жүргендей елестейтін шығар. Кім білген...

Келімбетов неге бұлай деді?

Бұлай дей отыра Қазақстанда қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған дәуір орнады дегені ғой.

Редакцияға хат келді. Осы хат бұл мақалаға түрткі болды, бір жағынан. Газеттің Курчатов қаласындағы оқырманы екен. Жас ана. Мемлекеттік қызметкер екен. Бүй депті:

– 32 мың теңге жалақы аламын. Мейрамдарда алып тұратын азын-аулақ сыйақымыз бар еді. Соны жақында қиып тастапты. ЭКСПО деген көрме өтеді екен. Соған байланысты үнем жасаса керек.

Қарыштап дамып келе жатқан Қазақстанда 30 мың теңгемен өмір сүріп отырғандар бар. Өлместің күнін кешіп...

Келімбетов осылардың өмірін көрсе, кешсе Қазақстанды Сингапурге теңеген өлшемі өзгерер ме екен?

Шын Қазақстан қандай? Келімбетов білмейді оны. Білсе де, білгісі келмейді. Оған білгісі келмейтін Қазақстан қажет. Білетін әлгі 30 мың алатындар. Қырық, елу, алпыс, жетпіс... жүз.
Әрине, Қайрат Келімбетовтың керісінше сөйлемесі тағы белгілі.

Сингапур коррупцияны тамырымен қопарып, біржолата жұлып тастаған ел.

«Коррупцияны жеңгің келе ме, ендеше дос-жараның мен туған-туысыңды түрмеге тоғытуға дайын бол!» дейді осы елдің шын мәніндегі күн көсемі – Ли Куан Ю.

Билік «елдегі орташа жалақы 100 мың» деп бөскенде соны көп санайтын сияқты. Орта Азияның Сингапуры саналатын елге бұл, әрине, аз.

Әлгі  отыз мың алатындар жүз мың алатын жағдайға жеткенде, ал жүз мыңның өзі елдегі ең төменгі айлықтың санатынан саналғанда ғана Келімбетовтың сөзіне кешіріммен қарауға болатын шығар.

Әрине, Қайрат Келімбетовтың керісінше сөйлемесі тағы белгілі.

Сингапур коррупцияны тамырымен қопарып, біржолата жұлып тастаған ел.

«Коррупцияны жеңгің келе ме, ендеше дос-жараның мен туған-туысыңды түрмеге тоғытуға дайын бол!» дейді осы елдің шын мәніндегі күн көсемі – Ли Куан Ю.

Ю «билік – ақша – коррупция» атты жүйені бесігінде тұншықтырған тұлғаның бірі.

Қазіргі Қазақстан осы жүйемен өмір сүретін елдердің бірі.

Қазір ше? Дағдарыс орыстың жалғыз одақтасы – Қазақстанды да алқымнан ала бастады дейді. Мұндайда ақылы бар ел айылын тартар еді.

Дарақылықтың бір көрінісі – үнемдейтін жерде үнемдемей, үнемдемейтін жерде үнемдейді. МузТВ-ге шашқан шығын балалардың асынан артық емес, әйтпесе. ЭКСПО өткізу үшін отыз мың алатындардың сыйақысын қию өзін Сингапурмен тең санайтын елге абырой әпермейді.

Шашылу – дарақылық. Тағы да сол Ли Куан Юдың тұжырымы.

Сонымен, шын Қазақстан қандай? Шынымен де Сингапурге ұқсай ма? Келімбетов қандай Қазақстанда өмір сүреді?...

Біз тек өз көзқарасымызды білдірдік. Сіз қалай ойлайсыз?
 Думан БЫҚАЙ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар