Келімбетов жаңадан құрылған агенттікті басқаратын болды

Dalanews 15 қыр. 2020 02:05 842

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Қайрат Келімбетов 1969 жылы Алматы қаласында туған. ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы болған. 2012-2013 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымында макроэкономика, бюджет саясаты, мемлекеттік активтерді басқару және қаржы секторы, салық және кеден саясаты мәселелеріне жетекшілік етті.

Сондай-ақ Қазақстан атынан Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің төрағасы болды. 2011 жылы ҚР Экономикалық даму және сауда министрі қызметін атқарған болатын.

2008-2011 жылдары Келімбетов мырза республиканың барлық мемлекеттік активтерін біріктірген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын басқарды. Бұдан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, «Қазына» тұрақты даму мемлекеттік қорының басшысы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңесте, ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігін басқарды, ҚР Қаржы бірінші вице-министрі болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар