Казнет Денсаулық сақтау министрінің туфлиін талқылап жатыр

Көркем Алдабергенова 08 қаз. 2025 12:19

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қымбат бренд киімі туралы сұраққа жауап бермей қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

7 қазанда үкіметте өткен брифинг барысында министрге қымбат киімі туралы сұрақ қойылған болатын. 

"Әлеуметтік желіде сіздің өңірлерге, әсіресе ауылдарда жасаған кездесулеріңізде өте қымбат киіммен келгеніңіз қызу талқыланып жатыр. Яғни valentino брендінің аяқ киімімен келгенсіз. Бұл рас па?", - деп сұрады журналист. 

Алайда брифинг модераторы бұл жеке мәселе екенін айтып, министр бұл сұраққа жауап бермейтінін жеткізді. Министр де бұл сұраққа жауап бермеді. 

Айта кетейік, бұл туралы Threads қолданушысы жазған болатын.

"Қашанға дейін қарапайым халықты осылайша ашықтан-ашық мазақ етіп, циркке айналдырып жүре бермек? Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ханым екінші рет "кім кімге қызмет етуі тиіс" екенін анық көрсетіп отыр. Бірінші рет ол Ұлытаудағы ауруханаға Lexus көлігімен келген еді. Екінші рет – Valentino Garavani маркасындағы туфлиімен көзге түсті, олардың бағасы 1000 еуродан басталады.

Мен осы туфлиге қатысты пікір жазған соң, Денсаулық сақтау министрлігі менің аккаунтымды бұғаттап тастады. Бұл жағдай назардан тыс қалмайды деп үміттенемін", деп жазған еді желі қолданушысы. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар