Катонқарағайда үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асады

Dalanews 06 нау. 2024 09:51 2571

 

Төр Алтайды туризмнің төріне айналдыру мақсатында бірнеше жылдан бері ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Осы қатарда биыл Катонқарағай ауылында бес жұлдызды қонақ үй салынып, Өрнек ауылы абаттандырылмақ.


Сонымен қатар, Катонқарағай ауылындағы қолданыстағы әуежайды қайта құру жұмысы жоспарлануда. Ал аудан әкімдігі биыл негізгі капиталға инвестиция тарту мақсатында туризмді дамыту саласы бойынша үш ірі жобаны жүзеге асырмақ, деп хабарлайды Dalanews.kz сайты Altainews.kz -ке сілтеме жасап.

– Өрел ауылынан 2 шақырым жерде модульдік павильондары бар демалыс орны салынады. Инвестер оны 2024-2025 жылдары жүзеге асырмақ. Сонымен қатар СПА орталық, бассейн, хаммам, кітапхана және т.б. салу көзделген. Жобаны бірге талқылағанбыз, жүзеге асса жұрт үшін тиімді болмақ. Ал TOR'RE ірі халықаралық қонақ үй операторы эко-қонақ үйін салады. «QZ Property» жеке компаниясымен 2024-2025 жылдар аралығында экоқонақ үй салу бойынша келіссөздер жүргізіліп, меморандумға қол қойылды, – деді Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалихан. 

Осылайша Катонқарағай ауданы алдағы уақытта туризмнің көшін алға бір қадам ілгерлете түспек.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар