Каспий түбіндегі кабель: Қазақстан ірі жобаны бастады

Сағыныш Сардарова 06 қаң. 2026 12:09

Каспий теңізінің түбіндегі оптикалық кабель құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру үшін Әзербайжанға дейін байланыс желісін салу жөніндегі ірі халықаралық жобаны жүзеге асыру басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

"Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық мәртебеге ие және халықаралық интернет-трафик транзитінде маңызды рөл атқарады. Транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында Каспий теңізінің түбінен Әзербайжан Республикасына дейін оптикалық кабель құрылысын іске асыру басталды. Жобаны биылғы 3-тоқсанда аяқтау жоспарланып отыр", - деді Жаслан Мәдиев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар