Каспий теңізі таязданып барады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Lada.kz мәліметінше, Каспий теңізінің жылдам таяздануына байланысты жағалау бойында орналасқан пирстер де тез жарамсыз күйге түсіп жатыр.
Пирстер бұрыннан бері Каспийдің ажырамас бөлігі саналды. Негізгі қызметімен қатар, олар қала тұрғындары үшін балық аулайтын, тынығып серуендейтін сүйікті орындардың бірі болатын. Бүгінде олардың көбі қираған, ал су айдыны көз алдында шегініп барады.
Еске салайық, бұған дейін Президент Каспий теңізін сақтауға арналған мемлекетаралық бағдарлама қажет екенін айтқан болатын.
Тоқаев Үкіметке Каспийдің су ресурстарын сақтау жөнінде мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Оның пікірінше, құжат серіктес мемлекеттердің үйлесімді әрі жедел әрекет етуіне негіз болуы керек.
