Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарын тиімді пайдалану жұмысының баяу жүріп жатқанын сынға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекет басшысы диқандардың әлі де суды көп қажет ететін дақылдарды егуді азайтпай отырғанын және кей өңірлерде суды рұқсатсыз бұрып алу фактілері жиілегенін атап өтті. Сондай-ақ «қара нарықтағы» су саудасына құқық қорғау органдарының назар аударуын тапсырды.
Президент Арал теңізін қалпына келтіру тәжірибесін мысалға келтіріп, Солтүстік Аралдағы оң өзгерістерді атап өтті.
«Каспийдің тартылуы – аса ірі экологиялық қатер. Бұл тек бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысты мәселе», – деді ол.
Тоқаев Үкіметке Каспийдің су ресурстарын сақтау жөнінде мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Оның пікірінше, құжат серіктес мемлекеттердің үйлесімді әрі жедел әрекет етуіне негіз болуы керек.