Kaspi жеке тұлғалардың депозит нарығында Halyk Bank пен Банк ЦентрКредиттен қалып қойды

Dalanews 03 ақп. 2025 12:11 545

2024 жылдың қорытындысы бойынша,жеке тұлғалардың депозит нарығында Halyk Bank пен Банк ЦентрКредит оқ бойы озық тұр. Ал Kaspi Bank олардан қалып кеткен, деп жазады Dalanews.kz

Ұлттық банктің соңғы деректеріне сәйкес, 2024 жылы Банк ЦентрКредит (БЦК) жеке тұлғалардың депозиттік портфелін 27,2%-ға ұлғайтып, 2,8 трлн теңгеге жеткізген. Ал Halyk Bank-та бұл көрсеткіш 22,8%-ға өсіп, 7 трлн теңгеге жетті. Kaspi Bank депозит көлемін небәрі 22%-ға арттырып, 6,1 трлн теңгені құрады.

Депозиттік нарықтағы өсім банктердің сенімділігі, клиенттерге ұсынатын шарттары мен сервистік қызмет деңгейіне байланысты болып отыр. БЦК мен Halyk Bank-тің салымшылар базасын кеңейту қарқыны биылғы бәсекелестік деңгейінің жоғары екендігін айғақтайды.

Бұған дейін халықтың төлей алмай жүрген Kaspi Bank алдындағы несиелер көлемі 291,6 млрд теңгеге жеткенін жазғанбыз


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар