11 ақпанда Kaspi Bank S&P агенттігі бағалауынан бас тартатынын жариялады. Өйткені банк Fitch және Moody ' s сынды тағы екі жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктер нәтижесіне жүгінеді, ал үшіншісі енді артықтау болатынын айтады, деп жазады Dalanews.kz.
Kaspi Bank-тің қазіргі кредиттік рейтингтері еліміздегі барлық банктер ішіндегі ең жоғарысы болып табылады.
Moody ' s 2024 жылдың қыркүйегінде Kaspi Bank-тің ұзақ мерзімді рейтингтерін көтерді: ұлттық және шетел валютасында "Ва1-ден""Ваа3-ке" дейінгі инвестициялық деңгейге. Болжам - "Тұрақты". Ұлттық шкала бойынша банктік депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингі - А2.kz. Сондай ақ Kaspi Bank-тің несиелендіру қабілеттілігінің базалық бағасы ba3-тен ba2-ге дейін көтерілді
Fitch агенттігі де 2024 жылдың қыркүйегінде Kaspi Bank-ке тұрақты болжаммен, BBB инвестициялық деңгейін тағайындады.