Кәсіпкер Боранбаев әлі де тергеу орбитасында

Кәсіпкер Боранбаев әлі де тергеу орбитасында
Коллаж: Dalanews.kz
Олигарх Қайрат Боранбаевқа қарсы қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің тағы екі бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді,...

Олигарх Қайрат Боранбаевқа қарсы қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің тағы екі бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ол сотталған негізгі қылмыстық іс бойынша 14, 5 миллиард теңге көлемінде залал өтелді, бұдан басқа ол 120 миллиард теңге көлемінде залалды өтеді. 120 миллиард теңге, оған қоса 14,5 миллиард теңге - 134 миллиард теңге. ...Қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, ол тергеліп жатыр, тағы да залал өтелуі мүмкін. ...Оған бюджет қаражатына қатысты күдік бар, сондай-ақ, салық төлеуден жалтару бар", - деді Елемесов мәжілісте.

Айта кетейік, былтыр 6 қарашада Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Ал оған дейін наурызда ол 8 жылға сотталды. Қыркүйекте жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарды.

Сонымен қатар, "бай құда" Астананың орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді, басқа да біраз мүлікті мемлекет меншігіне тапсырды. Ал аумағы бес мың шаршы метрден асатын қонақүй кешенінің жылдық айналымы шамамен 900 миллион теңгеден асады екен.