Кәрім Мәсімовтен тәркіленген қылыш аукционда сатылды

Кәрім Мәсімовтен тәркіленген қылыш аукционда сатылды
коллаж: Dalanews.kz

Кәрім Мәсімов ісі аясында тәркіленген самурай қылышы аукцион арқылы сатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасына тиесілі болған бұл бұйым бұған дейін де бірнеше мәрте саудаға шығарылған. Алайда жеңімпаздар анықталғанымен, мәмілелер түрлі себеппен күшін жойып отырған.

Бұл жолы бастапқы бағасы 379 мың теңге болған қылыш сауда қорытындысында 1 586 954 теңгеге өтті.

Лот сипаттамасына сәйкес, қылыштың жүзі болаттан жасалып, бойымен өзіне тән таяз ойық жүргізілген. Қынабы қара түсті материалдан әзірленген, ал сабы сұр металдан жасалып, бедерлі геометриялық өрнекпен әсемделген.

Бағалау қорытындысы бойынша, самурай қылышының құны 542 719 теңге деп белгіленген.