"Кабинетінде қыз зорлап сотталған полицей": Антикор оның әйеліне қатысты істі тергеп жатыр

Сағыныш Сардарова 17 нау. 2025 12:52 1681

Антикор Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевтың әйеліне қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп

Ал Марат Күштібаевтың өзі бұған дейін сотталып кетті. Енді оның әйелі жәбірленушіге пара берді деген күдікке ілініп отыр.

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, ҚР ҚК 422-бабы, 1-бөлігі, яғни жәбірленушіге пара беру дерегі бойынша қылмыстық істі жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті тергеп жатыр.

"Қазір қылмыстық іс бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлаған прокуратура басылым сауалына.

Айта кетейік, жуырда Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевтың артынан тағы үш адам темір торға тоғытылды.

Олар - экс-полицейден «жәбір көрдім» деген әйел мен оның танысы және Талдықорған сотының хатшысы. 

Күштібаевқа қатысты іс

2023 жылғы қарашада Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды. Кейінірек жәбірленушінің адвокаты оқиғаның егжей-тегжейін айтты. Оның сөзінше, 2023 жылғы 12 қарашада ішкі істер басқармасына қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен Талдықорған тұрғыны жеткізіліп, кейін ол бастықтың қызметтік кабинетінде зорлық көрген.

Кейін сот үкімі бойынша Күштібаев кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, ол марапаттарынан және "полиция полковнигі" арнайы атағынан айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар