Журналист көлік министрі Қарабаевты сотқа бермек

Көркем Алдабергенова 09 қаз. 2024 11:21 3628

Қарағандылық журналист Ботагөз Омарова көлік министр Марат Қарабаевты сотқа бермек, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Журналистің министрді сотқа беруіне Қарабаевтың Қарағандыда 500 жұмыс орны болатын зауыт салу туралы құжатқа қол қоюы себеп болған. Алайда зауыт әлі салынбаған. 

Үкіметте Ботагөз Омарова министрдің қарағандылықтарды алдағанын алға тартты. Арада төрт жыл өтсе де зауыт әлі салынбаған.

"Сізді бұрын сотқа беріп көрген бе?" деп сұрады журналист министрден, ол "жоқ" деп жауап берді. 

Журналистің сөзінше, министр қол қойған құжат бойынша, Қарағандыда "Ақтас көмір" зауыты салынуы керек болған. Зауытта 500 жұмыс орны болады деп жоспарланған. Алайда берген уәде орындалмаған. Соттың егжей-тегжейлері туралы Ботагөз әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Ботагөз Омарованың сөзінше, бұған дейін Мәжіліс депутаты Сергей Панамарев те депутаттық сауал жолдаған.

"Егер құжатқа қол қойылған болса, онда оған заңға сәйкес қол қойылған. Белгілі бір объектіге лицензия алу тәртібі бар. Жобаның құрылысын кәсіпкер өз мойнына алады. Тағы бір мәселе – кәсіпкердің өз міндеттемелерін орындауы. Кәсіпкерлік бұл жер телімін тіркеуге міндетті, оны іздеу жұмыстарының мерзімі бар, ол 6 жылға дейін созылуы мүмкін, одан кейін тау-кен жұмыстары жүргізіледі, содан кейін зауыт салынады. Бұл жерде мәселені уақыт тұрғысынан зерттеу керек", - деп жауап берді министр журналист сауалына.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар