Жүргізушілерге құлаққағыс! Енді ақылы жолдың шұрқ-тесік бөлігі үшін ақы төлемейсіз

Сағыныш Сардарова 15 қыр. 2025 11:15

Бүгіннен бастап ақылы жолдардың ақауы бар учаскесінде жол жүру ақысы тегін. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы жолдарда төлем ережелері өзгерді. Қазір елімізде барлығы 27 ақылы жол бар.

"Ақылы жолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлем алынбайды. Мысалы ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырым болса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақау жойылғанға дейін жүргізушілер 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді", - деп жазылған хабарламада.

Әр жүргізуші ақау туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне қоңырау шалып, хабарлай алады. Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар ақылы жолдарға қолданылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар