Жұмысшы мамандықтар жылы: Талғар қаласының орта мектептерінің оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Ақтоты Жапатова 20 ақп. 2025 10:28 435

Алматы облысында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған байланысты Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Талғар қаласының орта мектептерінің оқушылары арасында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.


Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, жылыту маусымынан өту оқушымен тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық өткізілді, сондай-ақ өрт сөндіргіш құралын пайдаланудың дұрыстығы айқын көрсетілді.

Іс-шара оқушылардың жылу беру кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының кәсіптерін насихаттауға бағытталған.


Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өз кезегінде, жоғары сынып оқушылары Азаматтық қорғау академиясына түсуге үлкен қызығушылық танытты, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы алған білімдері үшін мамандарға алғыстарын білдірді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар