Freedom Inside '26

Жұмыс істемейтін күйеуіне де төлеген: Абай облысында бас есепші өзіне екі есе жалақы аударып отырған

Жұмыс істемейтін күйеуіне де төлеген: Абай облысында бас есепші өзіне екі есе жалақы аударып отырған
gov.kz

Абай облысында білім беру мекемесінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мақаншы ауданының прокуратурасы Қарабұтақ орта мектебінде бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.  

Мекеменің бас есепшісі ай сайын өзіне екі еселенген жалақы есептеп отырған, сондай-ақ, шын мәнінде жұмыс істемеген жұбайына заңсыз түрде жалақы аударған.  

"Заңсыз әрекет салдарынан 18 млн теңгеден аса бюджет қаражаты жымқырылған. Аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Келтірілген залал ішінара өтелді", - деп жазылған хабарламада.