Жошы хан – Алтын орда атасы

Dalanews 23 мам. 2024 01:00 2164

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі жалпыұлттық бірегейлікті ныңайта түсуге зор септігін тигізетінін айтқан болатын.

 

Тарих ғылымының кандидаты Әуезхан Шашаев

Президент ел тамыры тереңде жатқанын әйгілейтін Жошы ұлысының 800 жылдығын кең түрде атап өту керектігіне баса назар аударған еді. Осы мақсат негізінде Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №20 кітапханада «Жошы хан – Алтын орда атасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Тарих ғылымының кандидаты Жеңіс Жомартұлы

Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты бас директорының халықаралық байланыстар бойынша орынбасарының атқарушы, жетекшісі ғылыми қызметкер, тарих ғылымының кандидаты Жеңіс Жомартұлы, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекшісі, ғылыми қызметкері, аға-сарапшы, тарих ғылымының кандидаты Әуезхан Шашаев пен студент-жастар қатысты. 

Кездесуге модератор болған журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің өкілі Меруерт Мәулетқызы Жошы ұлысының тарихын сараптауда басты тезис «Тарих – ұлттық бірегейліктің бөлігі» деген ұғым мемлекеттік идеологияның өзегі болуға тиіс екендігін айта келіп:

«Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің өкілі Меруерт Мәулетқызы

  • Қазақ қоғамында Жошы ұлысының 800 жылдық тарихын атап өте отырып, соның аясында ұлттық құндылықтарды түгендеуге зор мүмкіндік туып отыр. Көрші мем­лекеттермен дип­ломатиялық қа­рым-қатынасы, жазу-сызу мәдениеті, қол­­өнер һәм диқан­шылық кәсіптің ұйымдастырылуы, ұлыстың діни және рухани бірлік ұстындарының жүйесі, оқу-тоқу, ғылым-білімге қатысты қоғамдық сананың жетістігі сынды тақырыптар жүйелі түрде зерттелсе, болашақ үшін пайдалы болары сөзсіз, — деген пікірін білдірді.
  •  

Кезекпен сөз алған кеш қонақтары Әуезхан Шашаев пен Жеңіс Жомартұлы Жошы ұлысын зерттеу барысында қандай қолжазба деректер мен археологиялық материалдарға сүйенген жөн екендігін айта кетті.  Сонымен қа­тар Жошы ұлысын этносая­си, этногенетикалық тұрғы­дан зерттей отырып кейінгі Қа­зақ хандығының әдебиетіне, мәдениетіне, тарихына қалай әсер еткенін баяндап берді.  

Кездесу кезінде кітапханашы арнайы кітап көрмесімен таныстырып өтті. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұщымды жауап алды.

Кітапхана меңгерушісі Тұрсынова Лаура Мәулітшәріпқызы

Дөңгелек үстелді қорытқан кітапхана меңгерушісі Лаура Мәулітшәріпқызы тарихты толыққанды білгенде ғана жас ұрпақтың бойында мемлекетшілдіктің  биік деңгейі қалыптаса алатынын жеткізді. Қонақтарға алғысын айтып, сый-сыяпат білдірді.

Алия БОРАНБАЙ,
кітапхана қызметкері


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар