"Жоқ адамға жалақы аударған". Жамбыл облысында білдей басқарма басшысы ұсталды

Dalanews 04 ақп. 2020 13:43 790

Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен "Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Жеңіс Сариевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Ол көрсетілмеген қызмет үшін жеке кәсіпкерлік арқылы жүйелі түрде қаржыны аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға ауыстыру арқылы, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу және төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында 45 жастағы күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Жеңіс Сариев осы қызметке 2019 жылдың 24 шілдесінде тағайындалған болатын

Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар