ЖОО-ларға қашан құжат тапсыруға болады, ал гранттар тізімі қашан шығады

ЖОО-ларға қашан құжат тапсыруға болады, ал гранттар тізімі қашан шығады
dalanews.kz
Мемлекеттік грантпен оқуға түскендердің тізімі 10 тамызға дейін жарияланды. Бұл туралы бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құзырлы министрлік жариялаған күнтізб...

Мемлекеттік грантпен оқуға түскендердің тізімі 10 тамызға дейін жарияланды. Бұл туралы бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құзырлы министрлік жариялаған күнтізбеге сәйкес, негізгі ҰБТ 16 мамыр мен 7 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025-2026 жылдары еліміздің жоғары оқу орындарына оқуға түсу бойынша талапкерге арналған күнтізбеге сәйкес:

  • Негізгі ҰБТ 16 мамыр мен 7 шілде аралығында өтеді;
  • ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз аралығын қамтиды;
  • "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
  • Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
  • Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
  • Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады;
  • Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Министрлік қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан алуға болатынын және 2025-2026 оқу жылына қабылдану үшін маңызды күндерді өткізіп алмауды ескертеді.