JOLTAP жобасы астаналықтардың жұмысқа тұрып, тұрмыстық жағдайын жақсартуға септесуде

Жарбол Кентұлы 09 сәу. 2024 10:25 2105

Елордада жүзеге асып жатқан ауқымды JOLTAP жобасының арқасында қала тұрғындары жұмыс тауып, тұрмыстық жағдайын жақсартып, жаңа мамандықты игеруде. Жоба аясында 2 мыңнан астам жұмыссыз астаналық тегін қысқа мерзімді курстардан өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба менеджері Ерасыл Ділдайым айтып өткендей, JOLTAP елорданың жұмыссыз тұрғындарын жұмыспен қамту шараларымен, атап айтқанда, қысқа мерзімді оқыту және жұмыспен қамту шараларымен қамту бойынша өзінің тиімділігін көрсетті.

– Жобаға қатсуышылар негізінен NEET санатындағы жастары, жұмыссыздар мен келушілер болып табылады. Біздің оқытушылардың тәжірибесі зор.  Оқу сыныптары барлық қажетті заттармен жабдықталған. Ал курстарға жазылу үшін біздің модульдік пункттерімізге барып, ақпарат алуына болады, – деп атап өтті менеджер.

Жоба елорда әкімдігінің маңызды бастамамаларының бірі болып саналады. Бірлескен оператор – «Жаңа күміс» қоғамдық қоры.

JOLTAP жобасына қатысушылар қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларына қатысып бариста, сатушы-кассир, әмбебап тамақтану қызметкері, тігінші, дизайнер, электр газбен дәнекерлеуші, цифрлық дағдылар – таргет, SMM, бейнемонтаж, маркетплейс, мобилография, графикалық дизайн, веб-дизайн, негізгі цифрлық дағдыларды меңгереді.

Қатысушылардың таңдауына 14 мамандық ұсынылған, ал оқыту бағдарламалары еңбек нарығының сұраныстарына сүйеніп, дайындалған. Сонымен қатар мамандыққа байланысты 2 аптадан 1 айға дейін қысқа мерзімде практикалық дағдылардан өту де көзделген.

Қысқа мерзімді бариста курстарының оқытушысы Тұрар Ілияс бұл мамандықты үйренгісі келетіндер көп екенін айтады.

– Мұнда біз баристаның негізгі курстарын үйретеміз. Бұған классикалық эспрессо, капучино, латте, американо кофесін дайындау кіреді. Біз бармен болып жұмысқа орналасуға келген адамның мамандықтың негізгі дағдыларына ие болуы үшін білім береміз, ал жұмыс барысында ол өз шеберлігін тереңдетеді, – деп атап өтті ол.

Осы курстардың көмегімен сіз мамандықты түбегейлі өзгерте аласыз. Дәрігер Гүлмира Исмаилова осылай курстардан өтіп, өзін шығармашылық жұмыста сынап көруге бел буған. Ол тігін курстарын таңдап, болашақта киім дизайнері болуды армандайды.

– Маған атмосфера өте ұнайды. Мұғалімдердің жоғары деңгейі таң қалдырады, олар бәрін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Уақыт мүмкіндігінше тиімді өткізудеміз. Осы екі сағатта сабақтың теориялық бөлігін игеріп, оны іс жүзінде қолдана аламыз, – деді жоба оқушысы.

Айта кету керек, жоба кезеңінде бірқатар түлектер өз ісін ашу үшін мемлекеттік гранттар мен шағын несиелер алған. Сондай-ақ бизнесті ілгерілету үшін қажетті цифрлық дағдыларын да игергенін айта кетуіміз керек. Ал бизнес-жобалар әртүрлі-кішкентай кофеханалардан бастап, үйдегі дүкендерді ашуды көздейді.

Joltap модульдік нүктелерінің мекенжайлары:

- «Мечта» СҮ, Сығанақ көшесі, 3б;

- «Asia Park» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21а;

- «Рахмет» СҮ, Н. Тілендиев даңғылы, 15 және Б. Момышұлы даңғылы;

- «Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31а;

- «Тұлпар» СҮ, Ш. Уәлиханов көшесі, 24в;

- «Euromall» СО, Қосшығұлұлы көшесі, 23;

- «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34б;

-  «Ailand» СОО, Қорғалжын тас жолы, 2 / 1а;

- «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, Бейбітшілік көшесі, 14;

- Еңбек ұтқырлығы орталығы, Бейбітшілік көшесі, 9;

- «Алматы» КК, Иманов көшесі, 19;

- «Әлем» СО, Бөгенбай батыр даңғылы, 62.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар