Жолдау – жалақы өсіп, апатты мектептер мәселесі шешімін табады

Dalanews 26 қаз. 2018 03:57 863

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында Елбасы Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында ҚР Еңбек және халықты қорғау министрлігі, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Дәмежан Сәдуақасова арнайы келіп аудан тұрғындармен кездесті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев ашып, жүргізіп отырды. Жиын барысында Дәмежан Төлеубайқызы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жан-жақты талдап, түсіндіріп өтті.

Әсіресе Жолдауда айтылған әлеуметтік мәселелер оның ішінде келер жылдан бастап жалақының өсуі апатты мектептер мәселесі түбегелі шешу, ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмек көрсетуді дамыту, жаңа спорт кешендер салу, ел ертеңі болатын жастарға қолдау көрсету, сыртқы саясат, кәсіпкерлік пен ауылшаруашылық саласын дамыту, жоғары оқу орындарында білім жүйесін реформалау жайында айтып өтті. Сонымен қатар бүгінде жемісті жүзеге асып жатқан «Бес әлеуметтік бастама», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламары аясында елімізде атқарылып жатқан жұмыстар жайында жеткізді.

Жиында Келтемашат ауылдық қоғамдық кеңестің төрағасы Ә.Керімқұлов, Б.Садықов атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Тұрсынбаев жолдауда айтылған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев қорытындылап, арнайы іс-сапармен келген Дәмежан Төлеубайқызына аудан тұрғындары атынан ризашылығын жеткізді.

 

«Dalanews» ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар