Жол саласының болашағы - бүгінгі жас мамандардың қолында

Жол саласының болашағы - бүгінгі жас мамандардың қолында

ALT University оқу орнында түлектерге диплом тапсыру салтанаты өтті. Салтанатты жиынға Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының директоры Мәулен Әліпов қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Іс-шара барысында ол жас мамандарды оқуын сәтті аяқтауымен құттықтап, жол-құрылыс саласының стратегиялық маңызына тоқталды. Оның айтуынша, сапалы жол – тек инфрақұрылым нысаны емес, ол ел экономикасының дамуы мен азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды фактор.

«Жол саласы – жоғары жауапкершілікті талап ететін бағыт. Әрбір жоба сапа мен қауіпсіздік талаптарына толық сай болуы тиіс. Сондықтан кәсіби біліктілікті үздіксіз арттыру – уақыт талабы», – деді ол.

Филиал директоры бүгінгі түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен заманауи білімінің ел инфрақұрылымын жаңғыртуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Бүгінгі жас мамандар – ертеңгі жол саласының тірегі. Олардың кәсіби ұстанымы мен адалдығы Қазақстандағы жол сапасының жаңа деңгейге көтерілуіне негіз болмақ.