Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі уақыт аралығында бірлескен іс-шаралар өткізді.
Нәтижесінде, биылғы жылдың 11 ақпанында Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың судьясы Мейрам Жанғұттинов (төменде суретте) ірі көлемде 8 мың доллар пара алып жатқанда ұсталды, деп хабарлады құзырлы ведомства.
Ақшаны оған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінде жұмыс істей жүріп, Түркістан облысындағы аудандық соттың судьясын бір жерден екіншісіне ауыстыруда көрсеткен көмегі үшін берілген.
Ақша берген аудандық соттың судьясы да Түркістан қаласында ұсталды.
Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жария етуге жатпайды.
Kozachkov offside телеграм каналының хабарлауынша Жоғарғы соттың тағы бір қызметкері ұсталуы мүмкін.