Жоғары сот сейсенбі күнгі отырыста Астана қаласы сотының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы Сейтқазы және Әсет Матаевтарға қатысты үкімінің күшін жойды.
Өз шешімін оқыған судья Матаевтардың оңалтылғанын және ақталғанын түсіндірді, сонымен қатар олар қылмыстық процесті жүргізген органдардың әрекетінен келтірілген шығынды өндіріп ала алады.
Еске салсақ, Сейтқазы және Әсет Матаевтарды 2016 жылы соттаған болатын. Қылмыстық қудалау кезінде ҚазТАГ агенттігін басып алмақ та болды. Бұл ретте Матаевтардың кінәсі Қазақстанда да, шетелде де саяси астары бар деп танылды, айыптаудың бір тармағы да дәлелденбеді, сонда да қазақстандық сот айыптау үкімін шығарды.
Ал Матаевтарды тапсырыспен қудалауға қатысушылардың бірде бірі әлі күнге дейін жазаға тартылмады.
2022 жылдың 5 шілдесінде Өтебеков бас прокуратураның Матаевтарға қатысты әділетсіз шығарылған үкімге қарсылық енгізгенін хабарлады.
6 шілдеде жағдайға түсінік берген Өтебеков Матаевтарға қатысты істің қайта қаралуын қоғамдық-саяси жағдайдағы өзгерістермен байланыстырды.
8 шілдеде сенат пен мәжілістің бірқатар депутаттары тиісті арызға қол қоя отырып, Матаевтардың толықтай ақталуына үмітті екендері белгілі болды.
9 шілдеде Қазақстандағы медиа саласының өкілдері әділетсіз жүргізілген қылмыстық іс бойынша Матаевтардың толықтай ақталуы мүмкін екені туралы жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.
https://dalanews.kz/news/79466-23-shildede-aqtobede-olimpbet-baygeden-qazaqst
https://dalanews.kz/news/79442-zhanga-qazaqstan-dariga-biznesin-zhogal