Жоғарғы сот 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты істі қарады

Сағыныш Сардарова 06 мау. 2024 17:45 2228

Арман Жұман - Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің ісіне қатысты жалғыз күдікті әскери. Бұған дейін Астанадағы әскери соттың апелляциялық алқасы Арман Жұманды ақтау үкімінің күшін жойған еді. Енді Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған Айкөркемнің ісі бойынша 7 жылға сотталған әскери қызметкер Арман Жұманның ісі бойынша шешім шығарды. Осылайша Жұманды 7 жылға соттаған Әскери соттың үкімінің күші жойылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Жұманға қатысты қылмыстық іс құпия түрде қаралды. Кассациялық қадағалаудың қорытындысы бойынша төменгі тұрған органдардың сот актілерінің күші жойылды, іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілді", - деп мәлімдеді Жоғарғы сот.

Бұған дейін Астана қаласының соты Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің ісі бойынша бірінші сатыдағы үкімге апелляциялық шағымды қарады.

Сот бірінші сатыдағы үкімнің күшін жою және сотталушы әскери қызметші Арман Жұманға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы қаулы шығарды.  Арман Жұман сот залында қамауға алынған болатын.

Айта кетейік, Айкөркем Мелдехан 2022 жылы 6 қаңтарда қаза тапты. Айкөркем, оның ағасы мен әпкесі отырған көлікке оқ атылған. Оқ Айкөркемнің басына тиген, ал ағасы мен әпкесі жарақаттар алған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар